418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған дәріханаларында парацетамол мен аспирин жоқ

  • 171
  • UPD: 08:56, 03.07.2020
Талдықорған дәріханаларында парацетамол мен аспирин жоқ

Талдықорғандағы дәріханалардың басым көпшілігінде парацетамол мен аспирин жоқ.

Шаһардағы дәрі сататын орындарды аралаған өңірдегі меншікті тілшіміз осыған көз жеткізді. Тіпті орталықтағысында да аталған емдік препараттар болмай шықты. Сатушылардың айтуынша, бұл дәрілерге көпшілік тарапынан сұраныс артқан екен. Тиісті фирмаларға тапсырыс берілгенімен, әлі әкелінбепті. Қашан жеткізілетіні де беймәлім. Мұндай жағдайдың қалыптасқанына бірнеше күн болған.

Хабар 24 телеарнасы