418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Емханаларда кезек күтуге, көп адам жиналуға жол бермеу берек

  • 161
  • UPD: 12:08, 03.07.2020
ҚР ДСМ: Емханаларда кезек күтуге, көп адам жиналуға жол бермеу берек baq.kz

Қазіргі жағдайда емханаларға кезек күтуге, көп адам жиналуға жол беруге болмайды.

Бұл туралы COVID-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмек беру туралы брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Елімізде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді. Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде азаматтардың емханаларға бекітілу аумақтығы бұзылған. Мысалы, отбасы мүшелері әртүрлі емханаларда бекітілген. Сонымен қатар үйге барып қызмет көрсетуде тұрғылықты адамдардан тыс науқастар да пайда болды. Сондықтан олар үшін емханаларға қадамдық қолжетімділік ұсыну қиын болып отыр. Емханалар өз жұмысын бірде-бір күн тоқтатқан емес. Инфекциялық эпидемиологиялық жағдайға байланысты адамдардың вирусты жұқтыруын болдырмау үшін емханалар қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды. Мысалы, учаскелік дәрігердің қызметі және консультациялық қызмет мүмкіндігінше қашықтан көрсетілуі тиіс. Екінші, жоспарлы көмек пен диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігерлердің көрсетілімі бойынша онлайн түрде жазылады, емханаға алдын ала күні бұрын шақырылады. Қазіргі уақытта емханаларда кезек күтуге, көп адам жиналуға жол бермеу керек», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы