418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі

  • 182
  • UPD: 19:26, 04.07.2020
Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі

Ертеңнен бастап шектеу шаралары Қарағанды облысында да екі аптаға енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда да азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалардан өзге сауда желілері уақытша жабылады. Есесіне санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар күшейеді. Қарағанды - Теміртау, Қарағанды - Абай, Қарағанды - Шахтинск, Қарағанды-Саран, Жезқазған-Сәтбаев бағыттарынан өзге аймақ ішіндегі жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Жеке көліктің барлық түрлеріне түнгі он бірден таңғы беске дейін жүруге болмайды. Бұл талаптардың орындалуын полицейлер жіті қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы