424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында пневмония ауруының таралуы бәсеңдеді

  • 618
  • UPD: 23:11, 06.07.2020

Дәрігерлер дертті жандардың саны жақын уақытта азаяды деп үміттенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы билік өкілдері жағдайды қатаң назарға алған. Сырқаттарды қабылдайтын керует саны үш есе көбейтілді. Ал дәрігерлер қатары жергілікті медициналық білім беретін оқу орындарының мамандары есебінен толықтырылып жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында алыс-жақын шетелмен байланыс орнатылды.

Қазір Ақтөбедегі 6 медициналық мекемеде провизорлық емдеу орындары ұйымдастырылған. Темір жол ауруханасы, фтизиопульмонологиялық және облыстық медициналдық орталықта пневмониясы асқынған жандарды қабылдап жатыр.  Қалғандары қаладағы шипажайлардың бірі мен   «Дару» емханасы және медициналық университеттің жатақханасында.  Ондағы орындар  74 процентке толық.

Қатерлі дертпен қазір Ақтөбе облысында 2 мыңнан астам дәрігер күресуде. Алғы шептегі әріптестеріне медициналық білім беретін оқу ордаларының резиденттері мен ұстаздары да атсалысып жатыр. Жергілікті медициналық колледж түлектері жедел жәрдем қызметіне көмекке келген. Ал дәрі-дәрмек тапшылығын жою мәселесін облыс басшылығының назарына алған. 

Нұржауған Қалауов, облыс әкімінің орынбасары:

– Орынбор дәрілік қоймасымен келісімшарт жасалып, 10 ең қажетті деген дәрілерге осы жақын арада жеткізу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Облыстағы дәріханалардың қорын толықтыру үшін 500 млн теңгедей қаржы бөлініп, қазір 16 түрлі ең керек дәрілерді жақын арада жеткізу жоспарланып отыр.

Қазір аймақ тұрғындарын қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Мәселен, арнайы колл-орталық іске қосылды. 906-606 нөміріне хабарласқан кез келген жан мемлекеттік қызметкерлер мен дәрігерлерден қажетті ақыл-кеңес ала алады. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айсұлу Махмутова, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы