423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағайдың жылу тарату орталығы табиғи газға көшіп жатыр

  • 429
  • UPD: 10:40, 07.07.2020
Қапшағайдың жылу тарату орталығы табиғи газға көшіп жатыр

Алматы облысындағы «Қапшағай жылу» қалалық коммуналдық кәсіпорынын табиғи газға ауыстыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жылына 25 мың тонна мазут жағатын нысан алдағы жылу беру маусымында көгілдір отынмен жұмыс істейді. Жобаның жалпы құны 710 млн теңге. Бөлінген қаржының жартысына жуығы игерілді. Жоғарғы және төменгі қысыммен газ аЙдауға арналған құбыр тартылып, қажетті қондырғылар орнатылды. Қазір ішкі жұмыстары ғана қалды. 1970 жылы салынған нысаннан 58 шақырымдай магистралды жылу құбыры тарайды. Олар кезең-кезеңімен жаңартылады. Жылу орталығын газға ауыстыру жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталуы тиіс. 

Айдар Әбдіұлы, мердігер:

 – Су жылыту және бу айдау қазандықтары негізгі коллекторға қосылды. Жақында жаңа қондырғыларды орната бастаймыз. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бір айта кетерлігі, мұнда мазут қосалқы отын түрі ретінде қала береді.

Нұрлан Құматаев, Қапшағай қаласының әкімі:

 – Алматы облысын газдандыру бағдарламасының кешенді жоспарына сәйкес, Байсеркеден Қапшағайға газ құбыры тартылып, қаланы газдандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қапшағайда 239 көп қабатты тұрғын үй бар. Соның 10 пайызы газға қосылды. Бұдан өзге де өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар газға ауысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы