422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау іргесінен табылған арыстан ұйықтатып өлтірілуі мүмкін

  • 459
  • UPD: 20:22, 07.07.2020
Ақтау іргесінен табылған арыстан ұйықтатып өлтірілуі мүмкін

Өткен айда Маңғыстау облысының Ақшұқыр елді мекенінде көше кезіп жүрген арыстанның елді шулатқаны естеріңізде болар.

Симба есімді жыртқышты полицейлер қолға түсіріп, карантинге дейін Ақтауға гастрольдік сапармен келген циркке тапсырған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жастан асқан арыстанның көп кешікпей иесі де табылды. Алайда ол өзі қолға үйреткен хайуанды үйге алып кетуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал елордалық цирк таяуда кейін қайтпақ. Торда жолбарыс күшіктерін өсіріп отырған олар арыстанды өздерімен алып кете алмайды. Қазір жанашыр азаматтар қала әкіміне хабарласып, жыртқышты оңтүстік өңірдегі зообаққа тапсыруға ықпал етуін сұрап отыр. Бұлай болмаған жағдайда, жыртқышты ұйықтатып өлтіруден басқа амал жоқ.

Хабар 24 телеарнасы