418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан тұрғынының ауласынан 30 келіге жуық сора табылды

  • 155
  • UPD: 11:35, 08.07.2020
Түркістан тұрғынының ауласынан 30 келіге жуық сора табылды

Түркістан облысының полицейлері «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық шарасы барысында тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі еккендерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, облысқа қарасты барлық қала, аудандарда рейд жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатқан және тасымалдаған құқықбұзушыларға қатысты жедел-алдын алу шараларын іске асырып жатыр.

Мәселен, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген ер адамды ұстады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс қозғалды. Жедел құрылған полицейлер тобы күдіктінің ауласындағы бау-бақшасының 15 түп сора өсімдігін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптер 30 келіге жуық сора есірткісі болып шықты.

Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер ер адам сора есірткісін өзінің ауласында не себепті өсіргенін анықтайды.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы