424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғашқы медициналық көмек көрсететін мобильді бригада саны 3,5 мыңға жеткізіледі

  • 492
  • UPD: 22:00, 08.07.2020
Алғашқы медициналық көмек көрсететін мобильді бригада саны 3,5 мыңға жеткізіледі

Елдегі алғашқы медициналық көмек көрсететін мобильді бригадалар саны 3 жарым мыңға жеткізіледі.

Стационарларда қазіргі қажеттіліктен екі есе көп науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. ПТР талдау жүргізетін қосымша орталықтар ашылды. Мемлекет басшысының телевизиялық үндеуінде бұдан бөлек коронавируспен ауыратын науқастар үшін төсек-орындар саны 43 мыңға жеткені айтылды. Ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмайды.

«Мобильді бригадалармен қамтылып, вирусты анықтайтын орындар ашылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алғашқы медициналық көмек сапасы жақсартылып жатыр. Қазірдің өзінде азаматтарға үйде жәрдем беретін 400 әмбебап мобильді бригада құрылды. Шілденің соңына дейін олардың саны 3 жарым мыңға жеткізіледі. Ауруханалардағы орындар да көбеюде. Осы тапсырмам берілгелі коронавируспен ауыратын науқастарға қажетті төсек-орын 70 процентке көбейіп, қазір 43 мыңға жетті. Бұл іске әскерилер де атсалысуда. Қарулы күштердің көмегімен 5 мың төсек-орын дайындалды. Ауру ошақтарында дала госпитальдары құрылуда. Запастағы медицина қызметкерлері қайта даярлықтан өтіп жатыр. Тестілеуге қолжетімділікті арттыру үшін зертханалардың мүмкіндігі артуда. Қосымша 20 ПТР анализатор сатып алынады. 8 мобильді орталық та құрылады. Оның ішінде ауылдық жерде орналасатындары да бар. Мұның бәрі тәулігіне 40 адамды тесттен өткізуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы