418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 1 млн теңгеден астам сомаға дәрі сатқан тұрғын ұсталды

  • 146
  • UPD: 10:36, 09.07.2020
Ақтөбеде 1 млн теңгеден астам сомаға дәрі сатқан тұрғын ұсталды Liter.kz

COVID-19 пандемиясымен жаппай күрес кезеңінде және аймақтағы эпидемиологиялық күрделі жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1 млн теңгеден астам сомадағы аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақтөбе қаласының тұрғынының қала аптекаларындағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен антибиотиктердің тапшылығын пайдалана отырып, материалдық пайда табу мақсатында тікелей пәтерден негізсіз жоғары бағамен пневмония және вирусты инфекцияларды емдеуге арналған әртүрлі тапшы дәрі-дәрмектерді ешбір рұқсат қағазынсыз сатып отырғаны анықталды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1 б. (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы