418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл пневмонияға шалдыққандар саны 50% артқан

  • 126
  • UPD: 16:00, 09.07.2020

Биыл пневмонияға шалдыққандар саны былтырмен салыстырғанда 50 процентке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында айтты. 2020 жылдың 6 айында 1 мың 172 адам өкпе қабынуынан көз жұмса, былтыр аталған кезеңде 1 мың 780 адам қайтыс болған. Ескеретін жайт, олардың барлығы жалпылама сипатқа ие пневмонияға шалдыққандар. Министр осыған байланысты алдағы уақытта министрліктің сараптама жасайтынын айтты.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Басқа мемлекеттерде мынадай жағдай қалыптасқан. Пневмонияны емдеу тәсілдері қазіргі кезеңде коронавирустың ауыр түрін емдеуге өте ұқсас. Осыған байланысты талаптар әзірленіп жатыр. Сондықтан біз қазір науқастардың барлығына бірдей коронавирус сынамасының нәтижесіне қарамастан көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз. Бұл статистикада да көрініс табады.

Хабар 24 телеарнасы