417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қатаң карантин режимін ұзарту мәселесі келер апта соңына қарай қаралады

  • 139
  • UPD: 16:52, 09.07.2020

Бұл жайтты ғалымдармен бірлесе шешетін боламыз. Бүгін осылай деген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кез келген шектеу шараларын енгізерде, оның бизнеске тигізер әсерін саралау керектігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі карантин режимі келер апта соңына дейін жалғасады. Әзір нақты нәтижесі байқалмайды.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Карантин режимінің ағымдағы нәтижелері бар. Алайда нақты тиімділігі келер апта соңына қарай белгілі болады. Тиісті баға берілген соң қатаң режим аяқтала ма, әлде созыла ма оны отандық ғалымдар және шетелдік әріптестермен бірлесе отырып шешетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы