418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көпқабатты үйлерде су қысымының төмендеуіне қатысты облыс әкімі жауап берді

  • 171
  • UPD: 22:32, 09.07.2020
Оралда көпқабатты үйлерде су қысымының төмендеуіне қатысты облыс әкімі жауап берді

Оралда көпқабатты үйлерге ауыз су жеткізетін құбырлардың қысымы тым төмендеп, тұрғындарды біраз әбігерге салғанын айттық.

Мамандар мұның себебін тұтынатын су көлемнің екі есеге өсуімен байланыстырады. Қаланы ауыз сумен толық қамту үшін тәулігіне 70 мың текше метр су керек. Бірақ қазіргі алынып отырған көлем небары 56 мың текше метр. Сорылған суды қалаға айдайтын жерасты сорғылары үлгермей жатыр. Ұңғымалардың дені өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған. Қазір әбден ескірді. Қаланы толыққанды қамту үшін олардың қуатын арттыру керек. Бірақ әзірге оған еш мүмкіндік жоқ. Елде карантин жарияланып, санитария талаптарын сақтау жөнінде жиі айтылуда. «Өкінішке қарай, сыздықтап аққан сумен жеке гигиенаны сақтау мүмкін емес» деп базынасын айтқан тұрғындар сауалына өңір басшысы жауап берді.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Туындаған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өздеріңіз білесіздер, былтырдан бері кәріздік құбырларда бірнеше рет апаттық жағдай тіркелді.  Мәселен, қазір Шолохов көшесінде 5 шақырымнан асатын  кәріз құбырын ауыстырып жатырмыз. Сол себепті қаладағы ескі желілерге салмақ түсіп отыр. Бірақ біз оны сақтап қалуымыз керек. Қазір карантинге байланысты адамдардың дені үйде отыр. Күн өте ысып кетті. Әрі жеке секторда бау-бақша суаруға байланысты тұрғындар тұтынатын көлем екі есе артып отыр. Соған байланысты біз тиісті шаралар қабылдап, қосымша сорғыларды іске қостық. Бірақ сумен қамтуға қатысты уақытша шектеулер әзірге сақталады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы