418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет – Президент

  • 152
  • UPD: 13:30, 10.07.2020
Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет – Президент

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты.

«Келесі маңызды міндет – толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ.Үкімет те бақыламады», - деді Қ.Тоқаев.

Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет екенін айтты.

«Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек», - деді Президент.

Сонымен қатар дәрілердің жетіспеушілігі мен бағаны қолдан қымбаттату мәселесіне де тоқталды.

«Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек», - деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет екенін баса айтты.

«Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек. Себебі бұл – түптеп келгенде ұлттық қауіпсіздік мәселесі», - деді Президент.

 

Хабар 24 телеарнасы