418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рухани жаңғыру: Жамбыл облысы Талас ауданында аясында 8 жоба жүзеге асырылды

  • 190
  • UPD: 10:07, 12.07.2020

Игі іс жергілікті ауылдарда туып-өскен кәсіпкерлер мен меценаттардың демеуімен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Көктал ауылында жуырда ғана құны 70 миллион теңгенің үш бірдей нысаны тұрғызылды. Қазір тағы бірнеше елді мекенде қосымша 12 ауқымды әлеуметтік жоба басталып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бюджет қаражатынсыз-ақ талай сауапты іс бітіруге болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, Көкталдағы мына ғимарат бұрын мемлекет есебінде тұрған ескі дүкен болған. Жергілікті кәсіпкер 35 миллион теңгеге жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, қалыпқа келтірді. Іші-сыртын әрлеп, спортқа қажетті заттар алып, спорт мектебін ашты. Қазір мұнда ауыл жастарына спорттың 10 шақты түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. 

Роман Қырықбаев, Көктал ауылдық округінің әкімі:

– Спорт залымыз қазір екі топта жұмыс істейді. Бокс және күрес. Өздерінің уақыттары белгіленген. Топ-тобымен екі нұсқаушы бар. Заманауи жуынатын бөлме, әжетханасы қамтылған. Алдағы уақытта жағдайы жоқ отбасыға үй салып беруге жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жалпы Талас ауданында жыл басынан бері 15 миллион теңгенің 8 жобасы жүзеге асты. Сонымен қатар көктем айларында 5 мың түп жеміс ағаштары отырғызылды. Негізінен әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр.

Гүлмира Тәтімбетова, Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Оның ішінде Шакиров ауылдық округінде жол жөндеу жұмыстары бар. Балалар алаңшасын соғып беру деген жұмыстар. Бұл аяқталған жобалар бұл. Және де Майтөбе ауылында спорт нысан пайдалануға берілді. 20 жоба бар. Ең ірі ауқымды жобалар мынау Қызыләуіт ауылында спорт зал соғу және монша соғу.

Биыл бағдарлама бойынша аудандағы ауылдық округтерде мұқтаж жандарға 9 үй салып беру жоспарда. Қазір жобалау, демеушілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ал жалпы облыста жыл соңына дейін 300-ге тарта үй асарлатып тұрғызылмақ. Бұл баспаналар жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға беріледі.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы