418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеге Ресейден 52 мың қорап қажетті препараттар жеткізілді

  • 166
  • UPD: 09:00, 14.07.2020
Ақтөбеге Ресейден 52 мың қорап қажетті препараттар жеткізілді

12 мың дана парацетамол мен 500-ге жуық антикоагулянттар жергілікті қоймалардың біріне түсірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі барлық дәріхананы қамтамасыз ететін бұл межелік орыннан қажетті тауар бірден сатылымға жөнелтіледі. Дәрі-дәрмек бір минут та тұралап қалмауы тиіс. Себебі сұраныс жоғары. Сондықтан қазір қоғамдық бірлестіктер мен құзыретті органдар тарапынан бақылау да күшейтілген. Емдік препараттарды облыс аумағына жеткізілген сәтінен тұтынушыға дейін олардың саны мен бағасы үздіксіз назарда.

Мирлан Мұхамбетов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

– Келіп жатқан дәрі-дәрмектің біз сапасын да санын да қарадық. Қазір керек цефтриаксон, дексаметазон, парацетамолдың барлығы бар. Күніне 200-ге жуық сұраныс түседі. Солардың барлығын жасап жатырмыз дейді. Біз қазір мониторингтік топтың жұмыстарын қараған кезде жағдай қалыптасып келе жатқан сияқты.

Хабар 24 телеарнасы