423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атыраудан елордаға қатынайтын жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды

  • 369
  • UPD: 10:12, 14.07.2020
Атыраудан елордаға қатынайтын жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды Ак Жайык

Атырау – Нұр-Сұлтан-«Нұрлы жол» бағытындағы № 47/48 жолаушылар пойызының Атыраудан 13 шілдеден бастап, Нұр-Сұлтан «Нұрлы жолдан» 15 шілдеден бастап, Атырауға 2020 жылғы 17 шілдеден бастап жол жүруі уақытша тоқтатылады.

Аталған пойызға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы