418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 350 орындық пульмопровизорлық госпиталь ашылды

  • 127
  • UPD: 20:38, 14.07.2020
Қарағандыда 350 орындық пульмопровизорлық госпиталь ашылды

Қарағанды облыстық клиникалық аурухана базасында 350 орындық пульмопровизорлық госпиталь ашылды, хабарлайды «Хабар 24».

Ол негізінен аса ауыр науқастарға арналған. Госпитальда 100 орын жұқпалы, 250 орын пульмопровизорлы болады. Мекеме өкпені жасанды желдету аппараттарымен, пациент мониторларымен және перфузорлармен жабдықталған. Арнайы жансақтау бөлімі бар. Сонымен қатар эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында барлық үй-жай оқшауланып, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар қазір сұранысы ерекше артып тұрған бір томографиялық аппарат бар, жақында тағы біреуімен толығады. Госпиталь COVID-19 диагнозымен түскен науқастарды, сондай-ақ түрлі бронхо-өкпе ауруларымен ауырған науқастарды да қабылдайды. Бір ауысымда 20 дәрігер, 30 медбике мен санитар жұмыс істейді.

Ләззат Шоланова, пульмо-инфекциялық госпиталь басшысының орынбасары:

- Бұрын біз тек провизорлық госпиталь болдық. Коронавирус жұқтырғандарды анықтаған кезде оны инфекциялық емханаға жеткізіп жүрдік. Бұның ығайсыздығы мен машақаты көп еді. Осында тек 100 орын инфекциялық індет жұқтырғандарға арналған. Төсек-орын санын қажетіне қарай арттыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы