428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыға Катар мемлекетінен гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 291
  • UPD: 13:58, 15.07.2020
Қарағандыға Катар мемлекетінен гуманитарлық көмек жеткізілді

Көмек ішінде қазіргі вирусқа қарсы күреске арналған қорғаныш заттарының 18 түрі бар.

Алдағы уақытта бұл көмек аймақтағы ауруханаларына жеткізілетін болады. Ал оның діттеген жеріне жетуін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері мен қоғамдық бақылау өкілдері қадағалайды. Қазірдің өзінде Қарағанды да тек қорғаныш заттарының 1,5 айлық қоры бар. Ал заңдық шектеулерге байланысты дәрілік заттар әкелінбейді,- дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Себебі олар тіркеліп, сертификациялануы тиіс.

Атап өткен жөн, осыған дейін Қарағандыға Қытайдан және Біріккен Араб Әмірлігінен гуманитарлық көмек келген болатын.

Әсел Тұяқова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары:

- Гуманитарлық қоймаға келіп түскен заттарды бүгін 6 ауруханаға таратып жатырмыз. Сондай-ақ белгілі бір мөлшері осында қалады. Алдағы уақытта жаңа провизорлық орталықтар ашылып жатса, сонда жөнелтеміз. Бұдан бөлек облыстық және республикалық бюджет есебінен құрылған тағы 2 қойма бар.  Ал дәріні әкелудің белгілі шектеулері болғандықтан олар осындай жеке қорғану құралдарын әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы