417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда ерекше қорғалатын аймаққа қатысты дау шешілмей тұр

  • 137
  • UPD: 16:26, 15.07.2020

Павлодарда Ертіс өзенінің бойына қиыршық тас үйіп, жүк айлағын салмақ болған кәсіпорын төңірегіндегі шу тыйылар емес. Эколог мамандар нысанның құрылысына қарсы.

Олардың айтуынша, ерекше қорғалатын аумақта қандай да бір жұмыстарды бастамас бұрын қоршаған ортаға зиянын анықтау мақсатындағы жоба ұсынылуы шарт. Бұл жайт ескерілмей қалған. Сарапшылар жобаны қайта қарастыру керек дейді. Өйткені, қорғалатын аумақтың құнарлы топырақ жабындысына зиян келтіреді. Айлаққа қатысты мәселені мемлекеттік сараптама қорытындысы шешеді. Айта кетейік, жеке кәсіпорын Ертіс өзенінің жағасына қиыршық тас үйіп, жердің құнарлы қабатын бұзған. Кәсіпорын өкілдері алдағы уақытта Ертіс өзені арқылы Ресейге құрылыс материалдарын тасымалдамақшы.

Мадина Балтабаева, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

- Қоғамдық тыңдаулар видеобайланыс форматында ұйымдастырылды. Шараға шамамен 30 адам қатысты. Олардың қатарында қала тұрғындары, экологтар, үкіметтік емес ұйым өклідері мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Осы жолы кәсіпорын мамандары ескертулерімізді орындап, тиісті құжаттарды ұсынды. Енді бірнеше сараптама жүргізіледі. 

 

Хабар 24 телеарнасы