418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысына 65 оттегі концентраторы жеткізілді

  • 152
  • UPD: 15:19, 15.07.2020
Маңғыстау облысына 65 оттегі концентраторы жеткізілді

Маңғыстау облысына соңғы екі күнде 65 оттегі концентраторы жеткізілді. Кеше қос кәсіпкер пневмония диагнозымен ауырып жатқан науқастарды емдеуге аса қажетті құрылғының 45 данасын Ресейден алдыртқан еді.

Бүгін Ақтаудың құрылысшылары тағы 20 оттегі концентраторын тарту етті. Құрылғылар аймақ аудандарында ашылған стационарларға үлестірілді. Басым бөлігі Ақтауда орналасқан көпбейінді провизорлық госпиталге берілді. Облыстық аурухана науқастардың көбеюіне байланысты өткен айда тұтас провизорға айналған еді. «Мұнда өкпесі қабынған 385 науқас ем алып жатыр. 87-сі аса қатаң жағдайда. Олар тек арнайы құрылғымен тыныс алуға мәжбүр» дейді дәрігерлер. Жомарт жандардың көмегімен ауруханадағы оттегі концентраторының тапшылығы шешімін тапты.

Марал Қадыр, облыстық аурухана санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы:

- Бұл бүгінгі таңдағы ең қолдануға қолайлы оттегі аппараты болып саналады. Себебі оған қосымша оттегі баллондарының қажеті жоқ. Тікелей ауаны су арқылы айналдыра отырып, науқастарымызға түтікше арқылы оттегіні береді. Бұл бүгінгі таңдағы аса қиналып, ентігіп жатқан науқастармызға дұрыс тыныс алуына, оның қалыпты жұмыс жасауына ең бірінші көмек беретін аппараттар болып саналады. Азаматтарымызға алғыс айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы