418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында дәріхана иелері жауапкершілікке тартылуы мүмкін

  • 142
  • UPD: 15:24, 15.07.2020
Алматы облысында дәріхана иелері жауапкершілікке тартылуы мүмкін egemen.kz

Алматы облысындағы екі дәріхананың қожайындары дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сатқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Іле және Талау аудандарының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп облыстың екі дәріханасында (Бесағаш а., Өтеген Батыр а.) дәрілік препараттарды қымбат сату фактілерін анықтады.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, дәріхананың бірінде «Ингавирин» препаратын – 6500 теңгеге, екіншісінде 8500 теңгеге сатқан. Алайда дәрі-дәрмектің шекті бағасы 5640 теңгені құрайды.

Дәрілерге межелі бағаны заңсыз көтергені үшін дәріхана иелеріне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ өнімді тәркілеу және лицензияны қайтарып алу шаралары қарастырылған.

 

Хабар 24 телеарнасы