429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада заңсыз дәрі-дәрмек сатып жүрген 2 тұрғын ұсталды

  • 288
  • UPD: 20:17, 15.07.2020
Қызылордада заңсыз дәрі-дәрмек сатып жүрген 2 тұрғын ұсталды

39 жастағы ер кісі мен 27 жастағы әйелді қолға түсірген полиция қызметкерлері тексеру барысында олардан 40 дана «Ляньха» атты Қытай дәрілерін тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айғақ заттар терең талдаудан өткізіледі. Фармацевтикалық заттардың айналымына мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары заңсыз дәрі саудалау бойынша 18 дерек анықтады.

Серік Шалқаров, ОПД бастығының орынбасары:

– Анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Осыған орай Қызылорда облысы тұрғындарының назарына дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе «102» телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы