420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралға дәрі-дәрмек пен гуманитарлық жүк жеткізілді

  • 256
  • UPD: 16:46, 16.07.2020

Орал қаласына дәрі-дәрмек пен шетелдік гуманитарлық жүктің алғашқы партиясы жеткізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Ресейден жіберілген 10 миллион теңгенің дәрі қоры бір аптаға жетуі тиіс. Аса қажетті медициналық препараттарды алыс аудан тұрғындары алады. Үндістаннан да қомақты көмек келуі тиіс. Апта аяғына таман өңір жалпы құны 105 миллион теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтылады. Орал қаласында 187 дәріхана бар. Сауда орындарында әлі күнге коронавирусты емдеуге керекті препараттар тапшы.

Мәлика Қуанова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің бас маманы:

- Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие коронавирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер келіп түсті. Бұл антибиотиктер, азитромицин,цефтриаксон деген дәрі-дәрмектер оның жалпы саны 24 мыңнан асады, сонымен қатар ыстықты түсіретін антикоагулянттар қоры бар. Келіп түскен дәрі-дәрмек легі көп бөлігі аудандарда орналасқан дәріханаларға жеткізілетін болады.

Орал қаласына Катар мемлекетінен де гуманитарлық жүк келіп жетті. Жеке қорғаныс құралдары, 25 мыңдай бетперде, 2 мыңдай медицина костюмі, 3 мыңдай қолғап, респираторлар мен медицина халаттары енді медицина мекемелеріне таратылады. Дәрігерлер үшін ауадай қажет тауарлардың жол-жөнекей қолды боп кетпеуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандары қадағалайды.

Нұрдәулет Сәмет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бқо департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл жұмысқа біз қоғам өкілдерін, «Адалдық алаңы» жобасы өкілдерін, арнайы мониторинг топ мүшелерін барынша қатыстырып жатырмыз. Және әр келіп түсіп жатқан тауарларға біз арнайы дайындаған «тегін» деген, «гуманитарлық көмек» деген мөрді қоюға тырысамыз. Себебі бұл мынау үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан шара.

Хабар 24 телеарнасы