421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы іргесіндегі тұрғын үй кешенінің халқы жағымсыз иістен арыла алмай отыр

  • 202
  • UPD: 22:58, 16.07.2020

Алматының іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары 5 жылдан бері жағымсыз иістен арыла алмай отыр.

Тұрғындардың айтуынша, жайдан небәрі 500 метр жерде орналасқан қалдық судан келетін иістен бастары ауырып, аллергия болған. 

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 5088 пәтер бар. Тұрғындардың саны 20 мыңнан асады. Көпшілігі пәтерді сатып алу құқығымен жалға алғандар. Жеке баспанаға қол жеткізіп, осы жерде өсіп өнеміз деген жас отбасылардың қуанышы көпке бармапты. 5 жылдан бері жағымсыз иістен құтыла алмадық дейді олар.

Алмасхан Кенжебеков, тұрғын:

- Алты балам бар. Балаларымның денсаулығына қатты әсер етеді. Азанда кешке жаман иістер шығады. Оны біз зерттедік, өзіміз ақша жинап, независимый лаборатория шақыртып зерттеу жүргізген кезде көп химиялық заттар шыққан.

Еркін Алматұлы, тұрғын:

- 6 жылға кетіп бара жатыр, жағымсыз иіс шығады. Тұрғындардың басын ауыртады. 0026 Келген қонақтардан да ыңғайсыз, терезені ашып жата алмайсың.

Алғашында жергілікті билік тұрғындарға жағымсыз иіс кәріз жүйесінен шығады деп айтқан. Артынан олар тұрғын үй кешенінің іргесінде қағаз өңдейтін зауыттың химиялық қоспалары төгілетін қалдық су бар екенін анықтапты. Бұл туралы тұрғындар тиісті орындарға бірнеше рет шағымданғанымен, еш нәтиже шақпай отыр. 

Шолпан Исаханова, тұрғын:

- Картон қағазды завод казейінді түрдегі клейдің иісі деп айтылады, адамға зияны жоқ дейді. Бірақ адамға зияны жоқ болатын болса, 7-8 жастағы балам бар, ол аллергия, осы жерге екі жаста келген. Екі жасқа дейін болмады, Осы жерде тұрғаннан бастап уже аллергия. Завод қай кезде выброс жасайды, сол кезде 15 минуттың көлемінде тұрады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Иісті қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Бірақ мына біз тұрған жердегі қолқаны қабатын сасық иісті айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл қалдық суға 150 тұрғын үйден тұратын Абай ауылының кәріз сулары да келіп құйылады екен. Таудан соққан жел арқылы мына тұрған 500 метр жердегі асыл арман тұрғын үй кешенін сасық иістің әп сәтте жайлайтыны айтпаса да түсінікті.

Мына көріністен   зиянды қалдықтардың құйылып жатқанын анық көруге болады. Қалдық су қызыл түске боялған. Бұрын мұндай қоймалар 6-ау болса, қазір 7-шісі пайда болыпты. Тұрғындарды әбігерге салған иістен, жаңа кәріз жүйесі құтқарады деген үміт бар. 

Ермек Нәбиев, Қарасай аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Осы проблеманы шешу мақсатында аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, және Тұрғын үй инспекциясы ұйымы Абай ауылының кәріз жүйесінің құрылысын жүргізді. Нысан Абай ауылынан бастап, Көлді ауылына дейін жүреді. Ұзындығы 24 шақырым. Қазіргі таңда нысан әділет басқармасында тіркелу жұмыстары жүргізілуде. 

Қалдық суға түрлі қопаларды төгіп, айналаны улап жатқан қағаз өңдейтін зауыт өкілдері тиісті мәселеге қатысты пікірлерін ертең айтатындарын жеткізді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы