421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық еріктілер «Дәрігерлерге мың алғыс!» іс-шарасын ұйымдастырды

  • 216
  • UPD: 19:41, 17.07.2020

Алматыда жасотандықтар «Дәргерлерге мың алғыс!» іс-шарасын ұйымдастырды, хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға арнайы дайындықтан өткен 10-ға жуық волонтер қатысты. Олардың әрқайсысы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіліп, жұмыс барысында барлық сақтық шаралары ескерілді. Еріктілер 800-ден астам денсаулық себетін дайындаған. Жиынтық ішінде иммунитетті нығайтуға арналған тамақтар бар.

Сымбат Исмаиылбек, волонтер:

- Осы акцияның бүгінгі таңда үшінші күні. Алдағы уақытта да бұл акция өз жалғасын табатын болады. Бұл акцияның негізгі мақсаты – жастардың дәрігерлерге деген қолдауын сезіндіру. Кішкене болсын оларға бір сәттік көңіл күй сыйлау болады.

Гүлнәр Разанова, №2 көп салалы медицина орталығының мейірбикелер ісі жөніндегі менеджері:

- Біздің жұмыс істеп жатқан еңбегіміздің ауыртпашылығын түсініп, әкеп жатқандарыңызға көп-көп рахмет. Сіздердің денсаулықтарыңыз мықты болсын! Ешқашан жанұяңызда ешқандай қайғы болмасын! Ата-аналарымыз, туған-туысқандарымыз бәрі аман болып, осы індетті бәріміз бір кісідей бәріміз жеңіп шығып, жеңісті күндерге жетеміз деген ойдамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы