432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер»: Қарағандыда мұғалімдер мен дәрігерлер баспаналы болды

  • 328
  • UPD: 23:23, 17.07.2020

Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мұғалімдер мен дәрігерлердің алғашқы легі баспаналы болып, қоныс тойын тойлап жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын үйді сатып алу «Бәйтерек» холдингінің қазақстандық ипотекалық компаниясы еншілес ұйымы арқылы жүзеге асады. Баспана бақыты бұйырған жандармен біздің әріптестеріміз арнайы жолыққан болатын.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Қарағандының іргесіндегі мынау алқап көптен бері бос тұрған. Біраздан бері осында көз тартарлық зәулім үйлер бой көтере бастады. Құрылыс әлі де қызу. «Бастапқыда баспана «мұғалімдер мен дәрігерлерге беріледі» дегенде жас маман Бейбіт Айхметов күмәнмен қарадым», дейді. Алайда құжатын тапсырды, баспаналы болды. Енді жақын арада үйленсем деп жоспарлап жүр.

Бейбіт Ахметов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы:

- Бұл, әсіресе, үй жалдайтын жас мамандарға өте қолайлы. Себебі біреуге ақша бергенше өз үйіңді сатып ала берген ыңғайлы. Үй мәселесі бірінші тұрған. Себебі үй жалдау отбасымен өте қиын. Қазір өз үйім бар. Сол себепті отбасын құру алдағы ойда.

Расымен де бағдарламаның талаптары көз тартарлық. Бастапқы жарна қажет емес, жылдық төлем 3,1%-тен аспайды. Жалдау мерзімі 20 жылға дейін. Кейін баспананы толық өз атыңызға аударып алуға мүмкіндік бар. Ал, қарапайым ұстаз не дәрігердің айлығы жетпесе, кепіл адам ұсынуға болады. Пәтерге үміткерлерді Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрлігі ұсынады.

Олжас Салықов, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ» тұрғын үй-құрылыс активтері департаментінің директоры:

- Тек өткен жылдың өзінде ҚИК нарықтан бір мыңға жуық пәтер сатып алып, мұғалімдер мен дәрігерлерге берді. Үміткерлердің төлем жүргізуге қауқары бар ма жоқ па деген ақпарат тұрақты түрде ипотекалық компанияның сайтында жаңартылып тұрады. Бұл бағдарлама аса маңыздығ себебі мұғалімдер мен дәрігерлердің баспанамен қамтылуы – ол елдің болашағы. Сондықтан біз алдағы уақытта да осы бағытты белсенді түрде жалғастыратын боламыз.

Бағдарламаны іске асыру арқылы алдағы екі жылда 2,5 мың қазақстандық отбасын меншікті тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 40 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы