423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда демалыс күндері бірнеше жол жабылады

  • 231
  • UPD: 13:59, 18.07.2020
Алматыда демалыс күндері бірнеше жол жабылады

Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07:00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуіне, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда қозғалыс шектеледі», – деп хабарлады қала полициясы.

«Осыған байланысты Алматы қаласының полициясы сіздерді бағыттарыңызды алдын ала түзетіп, тауда шығудан, оның ішінде жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы