429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада кейбір тұрғындар масканы тек полицияны көргенде таға бастайды

  • 276
  • UPD: 19:50, 19.07.2020

Елорданың бір ғана Есіл ауданында полицейлер карантин талабын бұзудың 60-қа жуық дерегін анықтады. Бірден айтайық, тәртіп сақшылары ережені елемегендерге әуелі ескерту жасайды.

Бірақ сол ескертуді елемейтіндер де бар. Мұндай тұлғаларға 83 мың теңге айыппұл салынады.

Ботаникалық бақ бұған дейін де халық ең көп жиналатын орындардың бірі еді. Карантин кезінде де келушілер азаймай отыр. Сондықтан полицейлер мен санитарлық бақылау органдарының қызметкерлері бүгін осы аумаққа рейд жүргізді. Баққа кірісімен маскасыз жүргендер алдымен көзге түсті. Бір қызығы, бәрінің бетпердесі бар, бірақ қалтасында. Тек полицейлерді көрген соң ғана амалсыздан киіп жатты. 

- Почему без маски?

-  Маска қалтада.

- Қалтаңа салып жүру үшін алдыңдар ма?

- Қазір білесіңдер ғой, аурудың қалай тарап жатқанын.

- Ия, білеміз. 

Санитарлық дәрігерлердің бекіткен ережесі бойынша тек отбасы мүшелерімен немесе жалғыз жүрген жандар бетперде тақпаса да болады. Өйткені мұндайда аурудың тарау қаупі төмен. Бірақ, топ арасына кіргенде маска тағуға міндетті. Ботаникалық бақтағылардың көбі мұны елемейтін секілді. 

- Плохо стало  уже, жарко. 

Бірақ күннің ыстығы емес, коронавирустың қауіпті екенін ұғынатын жандар да табылды. 

- 12-этажда тұрам мына жерде кешкі сағат 6-дан бастап түнгі 12-ге дейін мыңдаған адам жүреді. Бір бірімен өте тығыз, тарамайды. Кешкі салқын деп халықтың бәрі парктерді жағалап кететін болса, онда мынандай індет еш уақытта тоқтамайды. Халыққа өте қиын болады. 

Санитарлық мамандар да маска тағу мәдениетінің әлі де төмендігіне алаңдап отыр. 

Айман Жаңатаева, Есіл аудандық тауарлар мен көрсетілген қызмет сапасын бб бөлім  басшысы:

- Бір адамдарда симптом бар болады, кейбір адамдарда жоқ болады. Сонда симптомы жоқ адамдар өзінің ауырып жүргенін білмей басқа адамға жұқтыруы мүмкін.Сондықтан топта үш адамнан көп жүруге болмайды. Үш адам болған күннің өзінде әлеуметтік дистанцияны сақтап, бетперде міндетті түрде тағулары қажет. 

Бұған дейін де бірнеше рет рейд жүргізген полиция қызметкерлері халық тарапынан карантин шараларына түсіністікпен қарауға шақырып отыр.

Мадияр Айтуғанов, Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы:

- Расын айтқанда түсіндіру кезінде көбінесе ондай азаматтар бар. Түсініп қарамайды. Полицияның істеп жатқан жұмыстарын сынап, шектеу шараларын орындамайтын азаматтар бар. 

Бірақ мұндай жандарды тәртіпке салатын арнайы құжат бар. Полиция  қызметкерлері тек бір күннің ішінде 60-тан аса әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін анықтап, хаттама толтырды. Бұл жандар енді Әкімшілік кодекс бойынша жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы