426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлердің вирустан қорғану құралдарын алуға 7,2 млрд теңге бөлінді

  • 230
  • UPD: 11:32, 21.07.2020
Дәрігерлердің вирустан қорғану құралдарын алуға 7,2 млрд теңге бөлінді

Коронавирус індетінің таралуына байланысты елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында осылай деді.

Цойдың хабарлауынша, қазір провизорлық стационардағы төсек орындарының 20 проценті босап, олардың жалпы саны 50 мыңға жетіп қалды. Енді жаңадан ауырғандарды қабылдауға мүмкіндік бар. Ковид -19 вирусын жұқтыру көрсеткіші 2 процентке төмендеді. Қазір тәулігіне шамамен бір жарым мың науқас анықталуда. Ал, сауығып шыққандар саны 60 процентке ұлғайды. Жедел жәрдем қызметінің көмегіне хабарласатындар да азайды. Сондай-ақ, ведомство басшысы дәрігерлерге арналған қорғану құралдарын сатып алу үшін 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін жеткізді. Бұл қаржы есебінен 41 миллион маска, 27 миллион медициналық қолғап, 379 мың қорғаныс киімі және 1,2 миллион ПТР-тест сатып алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы