430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінің тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмектердің алғашқы легі жеткізілді

  • 356
  • UPD: 08:45, 22.07.2020
Ертіс өңірінің тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмектердің алғашқы легі жеткізілді

Алматы қаласынан әкелінген медициналық препараттар облыстағы 150 дәріхана арасында үлестірілмек, хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – нарықтағы өнім бағасын сақтау және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мамандардың мәліметінше, қоймаларға дәрілік өнімдердің 31 түрі тасымалданды. Нақтырақ айтқанда, 69 мыңнан астам қаптамадағы дене қызуын түсіретін дәрілер, антибиотиктер мен вирусқа қарсы дәрілер бөлшек сауда нарығына жеткізілмек. Сонымен қатар 500 мың бетперде келіп түсті.

Айта кетейік, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ірі фармацевтикалық компания өңірдің дәріханаларында дәрі-дәрмектердің тұрақты қорын құру мақсатында дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін жеткізуге келісті. Ол үшін фармацевтикалық компанияға оны өтеу және мақсатты пайдалану шарттары бойынша 220 миллион теңге көлемінде несие берілді.

Жайық Хасанов, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастығы:

- Дәрі-дәрмектер қауымдастығы бар. Жұмысты жүргізіп жатырмыз. Қандай аптекаларға, қай жерге апарамыз, қандай қажеттіліктер бар. Сол арқылы ертең-бірсүгүні барлық аптекаларға дәрі-дәрмектерді жеткізетін боламыз. Қазіргі уақытта бақылау тобы құрылды. Бір айдан астам жұмысын істеп жатыр. Күнде дәріханаларға барып, бағасын тексереді.

Хабар 24 телеарнасы