417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

  • 295
  • UPD: 12:22, 23.07.2020
Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды.

Жойылған тауарлардың басым бөлігі – темекі бұйымдары мен бұрын қолданылған автокөлік шиналары.

«Әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын жүкті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері анықтады. Оларды жою туралы шешім қабылданды», -  делінген хабарламада.

Хаттамадан кейін 12 тонна көлеміндегі жүк «Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор» ЖШС аумағында жойылды.

Хабар 24 телеарнасы