432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел аумағындағы курорттарда демалғысы келетіндер алдын ала бронь жасауы керек

  • 359
  • UPD: 19:48, 24.07.2020
Ел аумағындағы курорттарда демалғысы келетіндер алдын ала бронь жасауы керек

Алакөл, Бурабай курорттарында демалуға болады.

Алайда туристер тұратын орнына бронь жасап, ақысын алдын ала төлеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осында келетін әр отбасының кем дегенде бір мүшесі ПТР тест тапсырып, анықтама қағазын өзімен алып келуі керек. Бақылау-өткізу бекеттері барлық құжатты тексергеннен кейін, адамдар курорт аумағына жіберіле бастайды. Тек мамандар демалушыларға маска тағып, тиісті арақашықтықты сақтауды ескертіп отыр. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш курорттар толықтай жабылады деген ақпарат хабарланған болатын. Енді туристер еш алаңсыз демалысын жоспар бойынша өткізе алады.

Дастан Рыспеков, ҚР МСМ индустрия және туризм комитетінің төрағасы:

– Кәсіпкерлер демалушыларды қабылдауға әзір. Олар өз жұмысын қауіпсіздік талаптарына сай жүргізеді. Қонақ үй иелері қажетті қорғаныс құралдарын сатып алды. Арнайы мониторинг топтары санитарлық талаптардың орындалуын тексереді. Сол себепті туристер демалыс орындарына келе алады. Тек алдымен тұратын қонақ үйге бронь жасап, ақысын төлеуі керек. ПТР-тест туралы анықтама қағазын ұмытпаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы