426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педофилді ұстаған полиция қызметкеріне «Айбын» ордені берілді

  • 756
  • UPD: 10:22, 27.07.2020
Педофилді ұстаған полиция қызметкеріне «Айбын» ордені берілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып құтылмақ болған қылмыскердің соңынан 13 қабаттың терезесінен секірген еді. Екі қабаттан төмендеу жердегі алаңқайға түскен құқық қорғау органының қызметкері табанын тайдырып алған. Соған қарамастан ол қылмыскерді қолынан бұрап, қасындағы әріптесі келгенше жібермей ұстап отырған.

Ұсталған күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау фактісі бойынша айыпталуда. Алматы қаласының полициясы оны төрт күн бойы іздестіріп келген.

Полиция майоры Бақытжан Бәкіровтің аяғына үш рет операция жасалды. Полиция қызметкері жұбайымен алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.

Хабар 24 телеарнасы