423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстан облысында суға батып кете жаздаған 11 адам құтқарылды

  • 229
  • UPD: 11:12, 27.07.2020
Шығыс Қазақстан облысында суға батып кете жаздаған 11 адам құтқарылды

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында суға батып кете жаздаған 11 адам құтқарылды.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 109 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан бастап) 87 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Мәселен, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991 туған ер адамды құтқарды. Сондай-ақ Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар «Бипек Авто» АҚ өрт сөндіру катерін тарта отырып «Голубой залив» демалыс базасына екі үрмелі қайықпен жүзіп, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

«Адамдар өзінің бейқамдығына байланысты суға шомылуға арналған, жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су астындағы бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға қарай жүзу өте қауіпті», - делінген хабарламада.

Суға шомылу кезеңі басталғалы бері (1 маусымынан 26 шілдеге дейін) 159 адам (2019 жылы 204), оның ішінде 47 бала (2019 жылы 70 бала) суға кетіп көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы