419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкенттің екі тұрғыны сотталды

  • 442
  • UPD: 15:40, 29.07.2020
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкенттің екі тұрғыны сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Атап айтқанда, жалпыреспубликалық «Стоп-игра» жедел шарасы барысында Наурыз және Нұрсат мөлтек аудандарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру бойынша алдын ала келіскен екі азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен екі ұйымдастырушы ҚР ҚК 307 бабының 2 б., 2 т. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған айғақ заттар (10 теледидар, 22 жүйелі блок, 22 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы