423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 жұқтырған 123 дәрігер әлеуметтік көмек алуға өтініш берді

  • 201
  • UPD: 16:02, 31.07.2020

Жұмыс барысында коронавирус жұқтырған 123 дәрігер бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш берді, хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оларға төлем жасауға дайын. Әр ақ халаттыға 2 миллион теңге беріледі. 46 өтініш Алматы қаласының медицина қызметкерлерінен түскен. Алматы облысынан 38, Солтүстік Қазақстаннан 10 дәрігер бір реттік қаржылай көмек алуға өтініш жазыпты. Өзгенің өмірі үшін күресіп жүріп, өзі ауру жұқтырып, қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 миллион теңге берілуі тиіс. Әзірге мемлекеттік сақтандыру қорына мұндай өтініш түскен жоқ. Медицина қызметкерлері жазған өтініштерді денсаулық сақтау министрлігіне қарасты басқарма сараптайды. Мақұлданғандары ғана мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі.

Барлығы – 123 өтініш

Алматы – 46

Алматы облысы – 38

Солтүстік Қазақстан облысы – 10.

Хабар 24 телеарнасы