423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы ауруханаларға 300 оттегі концентраторы үлестірілді

  • 239
  • UPD: 11:30, 01.08.2020
Павлодар облысындағы ауруханаларға 300 оттегі концентраторы үлестірілді

Игі істің басында қоғамдық қордың құрамындағы кәсіпкерлер мен өзге қайырымды жандар болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Кәсіпкерлердің көмегімен 300 аппарат сатып алынды. Орта және шағын бизнес өкілдері 103 млн теңгеден астам қаражат бөлген. Жоспар бойынша қажетті жабдықтар 16 медицина мекемесіне тарту етілді. Қоғамдық қор өкілдері алдағы уақытта да зерттеу жүргізіп, ауруханалардың қажеттілігін өтеуге атсалыспақ. Болашақта аппараттардың тағы бір легі әкелінеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінде індетпен күрес жолында 3 мыңға жуық дәрігер жұмыс істеп жатыр. Сала мамандарының хабарлауынша, дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының бір айлық қоры бар. Алдағы уақытта оттегімен жабдықталған төсек-орындардың саны 865-ке дейін жеткізілмек.

Гүлбақыт Құрманғалиева, Ақтоғай аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Ақтоғай ауданы бойынша медициналық жабдықталу қазір 80% құрайды. Меценаттардың арқасында ауданға бес концентратор алдық. Үлкен флюрографиялық жабдықты 18 млн теңгеге алып берді. Өткен жылдарға қарағанда биыл жабдықталу өте жақсы деп айтуға болады.

Илья Теренченко, қоғамдық қор қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

– Облыс медицинасындағы жағдайды зерттеп көрдік. Аудан-қалаларда ауруханалардағы қажеттілікті анықтадық. Оттегі концентраторлары қажет екеніне көз жеткіздік. Жабдықтарды бір күннің ішінде Алматыдан әкелдік. 300 данасын сатып алғандықтан, бізге жеңілдік жасалды.

Хабар 24 телеарнасы