426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда әуе десантшыларына айыппұл салынды

  • 383
  • UPD: 21:24, 02.08.2020
Павлодарда әуе десантшыларына айыппұл салынды

Павлодарда Әуе десантының сапында болған 22 десантшыға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Әуе десанты әскерлерінің күнінде көшеге шығып, саптық маршпен жүріп өткен. Тұрғындар түсірген бейнежазбадан олардың бірде біреуінде бетперде жоқ екенін байқауға болады. Саптық маршқа қатысушылардың кім екені анықталып, полицейлер оларға карантин талабын бұзды және көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып тақты.

Хабар 24 телеарнасы