425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Азаматтық альянс президенті Салтанат Рахымбекова қайтыс болды

  • 1190
  • UPD: 11:35, 03.08.2020
Азаматтық альянс президенті Салтанат Рахымбекова қайтыс болды

Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Рахымбекова 55 жасында дүниеден озды.

Суық хабарды күйеуі Төлеутай Рахымбеков Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Жолдасы 11 шілдеде пневмониямен жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған болатын.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы туған. Ол «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен және Қазақстанның 5 мерейтойлық медалімен марапатталған болатын. «Шығармашылық» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты.

Хабар 24 телеарнасы