425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен тәулікте Қазақстанда төрт табиғи өрт болды

  • 245
  • UPD: 12:49, 03.08.2020
Өткен тәулікте Қазақстанда төрт табиғи өрт болды

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

2 тамызда республика бойынша 8 жану және 4 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.​

«Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 жану ТЖК бақылауында», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрғақ шөптің жануы жойылған.

«Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 3537 га, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала жануының ауданы айтарлықтай үлкен – 2 000 га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖК.

Хабар 24 телеарнасы