429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі ұзаққа созылған нысан құрылысымен танысты

  • 231
  • UPD: 10:57, 03.08.2020
Елорда әкімі ұзаққа созылған нысан құрылысымен танысты

Үлестік құрылыс нысандары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімі «Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды.

«Құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтауға мемлекет қаражат бөлді, бірақ ол қаражат қайтарымды. Инвесторлар нысанға кіру үшін тұрғын үй кешендері рентабельді болуы, қосымша алаңның болуы маңызды. Осы мәселелерді шешу үшін инвесторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету және құрылысты аяқтау үшін донор ретінде қосымша учаскелер бөлеміз.

«Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2013-14 жылдары басталды, үлескерлердің жалпы саны 1 мыңнан астам адам. Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бекітілді», - деді Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы