426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы блокбекетте болған апат: тергеу аяқталуға жақын

  • 200
Алматыдағы блокбекетте болған апат: тергеу аяқталуға жақын

Алматыда блокбекетті соққан мас жүргізушінің ісі бойынша тергеу амалдары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда тараптар қылмыстық істің құжаттарымен танысуда. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады. Алғашында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі яғни «адам өлтіру» фактісі бойынша қозғалған. Кейін 345-те бірінші бабының төртінші бөлігіне ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, BMW көлігін тізгіндеген Азат Азаматов 25 мамырда блокбекеттің жанында тұрған патрульдік автомобильді соғып, екі полиция қызметкері қаза тапқан болатын. Ал бекет жанында тұрған үшінші тәртіп сақшысы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Данияр Мұхияев, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Бұл дерек бойынша ҚК 345-те бірінші бабының төртінші бөлігімен іс қозғалып қазіргі таңда қылмыстың істің құжаттарымен тараптар танысуда. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша күдікті тұлға орташа күйде, орташа дәрежеде мас күйде болғаны анықталған.

 

Хабар 24 телеарнасы