428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

  • 493
  • UPD: 17:23, 04.08.2020
Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

Бұрын конкурстан өту үшін 50 күн уақыт қажет болатын.

Енді бұл мерзім 2 аптаға дейін қысқарып отыр. Сондай-ақ конкурстың кезеңдері де азайды. Бұған дейін 3 түрлі сынақ жарияланса, қазір үміткерлер тек 2 кезеңдік конкурсқа қатысады. Яғни ведомствода бос орын пайда болған кезде конкурсқа сол органның қызметшілері үшін бірінші ішкі конкурс жарияланып, тиісті кандидат табылмаған жағдайда, бірден жалпы конкурс ұйымдастырылады. Мұндай шешім Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес қабылданды. Өзгерістер 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметте 90 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың орта жасы 39. Қызметшілердің 56 проценті нәзікжандылар болса, қалғаны ер азаматтар.

Ерхан Таткен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі:

– Бірінші кезең, ол – аталған мемлекеттік органның қызметшілері арасындағы конкурс, ол конкурста жеңімпаз анықталмаған жағдайда, тікелей барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді.

Хабар 24 телеарнасы