423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы Жастары 3.0»: бірінші кезеңнен өткен жастар пәтер таңдап алды

  • 247
  • UPD: 16:21, 05.08.2020
«Алматы Жастары 3.0»: бірінші кезеңнен өткен жастар пәтер таңдап алды

Алматыда 35 жасқа дейінгі жастар «Алматы Жастары 3.0» бағдарламасы бойынша 5% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй ала алады.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.

«Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастарды, соның ішінде мұғалімдер, дәрігер, мәдениет және БАҚ саласының қызметкерлерін қолдау үшін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасының шарттары барынша жеңілдетілді. Жылдық мөлшерлеме 5%, бастапқы жарна 10%, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін. Жас ерекшелігі 35 жастағы азаматтар», - деп жазды.

Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1035 адам жолдама алды. Қалада тіркеуінің болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді. Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды. Айта кету керек, тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар.

Еске салсақ, «Алматы жастары 3.0» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркеуде тұру талабы алынып тасталғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы