432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да кәсіпкерлер Кірістер департаментімен соттасып жүр

  • 286
  • UPD: 20:56, 05.08.2020

Шағын қалада 200-дей адамды жұмыспен қамтып, жергілікті бюджетке миллиондап кіріс әкеліп отырған зауыт жабылудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басшылығы соттан сотқа жүгіріп шаршаған.

Әңгіме Шығыс Қазақстанның Алтай ауданындағы метал өңдейтін зауыт жайлы. Оның жұмысын тексерген Облыстық кірістер департаменті кейбір келісім шарттар алаяқтық жолмен жасалды деп айып таққан. Бірақ кәсіпорын басшылығының өз айтары бар.

Зауыт жұмысышылары жағымды жаңалық боларына  әлі де үміттеніп жүр. Кәсіпорын мүлде жабылып қалмас үшін 10 шақты адам жұмыс орнын тастап кеткен жоқ.  Алайда қазір ауыттың соңғы 5 жылда жасаған барлық келісім шартының күші жойылып,  есепшоты да  толық бұғатталған. 

Михаил Пасхин, зауыт директоры:

– Бізді  мемлектетік кірістер департаментінің қызметкерлері 8 ай үздіксіз тексерді.  Осы  8 айда  қаржылық есеп-қисап, салық төлеміне байланысты ешбір заңсыздық таппады. Ақырында біз   металь илегін сатып алып келген  «Авангард» деген жауапкершілгі шектеулі серіктестігімен жасаған келісімдерімізді заңсыз деп тапты. Ал шын мәнінде ол компания тағы бір кәсіпорыннан алып бізге сатып отырған. Яғни сол 4-ші бір мекеме алаяқтықпен айналысқан. Сол үшін бізді де алаяқ деп танып отыр. 

Кірістер департаментінің қызмектерлері  кәсіпкерлер  Өскеменнен  сатып алған  металл бұйымдарының  түп төркіні қайдан шыққанын дәлелдей алмады деп отыр.  Зауытқа  темір жеткізуші тізбегіндегі фирмалардың бірін салық органдары  алаяқтықпен айналысты деп айыптаған. Осылайша ол кәсіпорынның салық  төлемдерін  металдан бұйым жасайтын зауттың мойнына ілген.

Оксана Лезгиева, облыстық кірістер департаменті заң басқармасының басшысы:

– Біз талдау жүргізе келе тауардың негізгі жеткізушісін таппадық. Яғни сатып алған кәсіпорын нақты қандай мекемден алғанын дәлелдей алмады. Сондықтан металды пайдаланатын зауыттың жұмысы да күмәнді болып шықты.

Осындай тұжырымға сүйене келе қадағалаушы орган өкілдері  зауытқа 178 миллион теңге қосымша салық төлеуді  міндеттейді. Кәсіпорын жетекшілерінің айтуынша,  мұндай ірі соманы төлеген жағдайда бірден банкорт болып, 200 адам бір күнде жұмыссыз қалуы мүмкін.

Асыған Ахметов, жұмысшы:

– Жұмыс орнымыз жабылып қалса біз қайда барамыз? Жастарға жұмыс табылар. Ал біз не істейміз? Алақандай қалада.

Зауыттың заңгерлері барлық қаржылық есебі мен келісім шарттары ашық әрі әділ екенін түрлі деңгейде өткен сотта дәлелдеумен келеді.

Алексей Миронов, заңгер:

– Облыстық кірістер департаментінің өкілдері  негізсіз талаптарын ақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының экономикалық сотына бізге металл жеткізушілермен жасалған мәмілелерімізді жою бойынша  арыз түсірді. Бірақ бірінші сатыдағы сот  олардың талап-арызы толық қанағаттандырмады. Тек ішінара  жалпы  істің 10 процентін ғана солардың пайдасына шешті.

Кәсіпкерлер ешбір заңсыздыққа бармағанын  толық дәлелдеу үшін апелляциялық сотқа қайта жүгінеді. Алайда  бұл жолы судья алдыңғы  шешімнің күшін толық жойып кәсіпорын тарапынан  соңғы 5 жылда жасаған барлық келісім шартты заңсыз деп таниды. Қазір іс  жоғарғы сотқа жетті. Осылайша  кәсіпкерлер соттасып жүргенде зауыт та тығырыққа тірелді. Егер ол жабылса Алтай ауданы бюджеті жыл сайын тек салықтан түсетін 100-150 миллион теңгеден де қағылады. 

Сергей Охременко, Алтай ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазір барлық мәселе соттың қолында. Сондықтан  Жоғары Сот тарапынан тағы бір  мұқият тексеруден өтсе дейміз. Бұған   міндетті түрде бас прокуратура да  араласуы керек деп ойлаймын.

Кәсіпкерлердің  мәселесінің  оң шешілуіне Алтай ауданы әкімдігі де ерекше мүдделі болып отыр. Өйткені бұл зауыт  шағын қаладағы  ең көп адам  жұмыс істейтін мекемелердің бірі.

Авторлары:  Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы