423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалааралық тасымалмен айналысқан автобус тоқтатылды

  • 165
  • UPD: 09:01, 06.08.2020
Қалааралық тасымалмен айналысқан автобус тоқтатылды

Атырау – Орал тас жолында 30 адаммен Шымкентке бет алған жолаушылар автобусы тоқтатылды, хабарлайды «Хабар 24».

36 жастағы жүргізуші Түркістан облысының тумасы болып шықты. Карантин режимін бұзған жүргізушіге қатысты тиісті шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жинақталып, көлік Атырауға кері қайтарылды. Алайда, автобус жүргізушісі ескертуді елемей, бірнеше сағаттан соң қайтадан жолға шыққан. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзған азаматты қайта ұстады.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 667-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, мамандандырылған сотқа жолданды. Осы күні таң алдында Атырау қаласына кіреберісте Шымкент-Атырау бағытынан 29 жолаушысы бар ОҚО тұрғыны басқаруымен тағы бір автобус тоқтатылды. Жалпы Атырау облысында 5 шілдеден бері Атырау – Шымкент бағытында қалааралық жолаушылар тасымалдамақшы болған 5 автобус анықталды.

Хабар 24 телеарнасы