417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аптап ыстық: өткен тәулікте 7 табиғи өрт болды

  • 362
  • UPD: 10:59, 06.08.2020
Аптап ыстық: өткен тәулікте 7 табиғи өрт болды

Аптап ыстыққа байланысты республикада өрт қаупі жоғары.

5 тамызда республика бойынша 7 табиғи өрт және 11 дала жануы оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК басапасөз қызметі.

Қостанай облысындағы 5 табиғи өрт және Алматы облысындағы 2 жану ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 400 га.

Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы