420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қармақшы ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны азайды

  • 470
Қармақшы ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны азайды

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы 100 орындық провизорлық орталық жақын күндері жабылуы мүмкін, хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұнда 35 науқас ем алып жатыр. Ал, инфекциялық стационарда 5 науқас қалған. Жалпы аудан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 120-дан асса, өкпесі қабынған 372 адам емделіп шықты. Жедел жәрдем шақыртушылар саны да індет өршіген кезеңмен салыстырғанда 3 есе азайып, бұрынғы қалыпты жағдайға түскен. «Дегенмен, коронавирус қайта қарқын алар болса, онымен күреске жұмылдырылатын 33 дәрігер мен 100-ге тарта медбике дайындалды», - дейді бас дәрігер. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. 26 оттегі аппараты мен 5 өкпені жасанды желдету қондырғысы жұмыс істеп тұр.

Бақытжан Нысанбаев, Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Дәрі-дәрмектермен шамалы да болса тәжірибе алғаннан кейін осы аурулардың шамасын, статистиканы белгілеп, біз енді алдағы уақытқа дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Осы дәрілерді алдырып, екінші рет науқастар саны көбейетін болса, біз оған толығымен жұміс істей аламыз.

Хабар 24 телеарнасы