428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы Қобда ауданында 30 жыл бұрын тоқтаған кәріз желісі іске қосылады

  • 222
  • UPD: 22:42, 06.08.2020
Ақтөбе облысы Қобда ауданында 30 жыл бұрын тоқтаған кәріз желісі іске қосылады

Қобдада құрылысы 30 жыл бұрын тоқтап қалған кәріз жүйесі іске қосылатын болды. Ақтөбе облысына қарасты бұл ауданда коммуналдық желінің құрылысы кеңес одағы кезінде басталып, аяқсыз қалған.

Бұған дейін тек әлеуметтік нысандар ғана қамтылып келді. Ал биыл республикалық бюджеттен 217 миллион теңге бөлініп, кәріз құрылысы қолға алынған. Қараша айына дейін  12 шақырым құбыр тартылады. Бұл елді мекеннің тең жартысын қамтиды. Сөйтіп, келер жылы аудан орталығы толығымен кәріз жүйесіне қосылады. 

Есет Кенжебек, Қобда аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы: 

- Бүгінгі күнге біздер бас тазарту жобасын дайындап қойғанбыз. 2021 жылы соның құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін бүкіл аудандық кәріз жүйесін іске қосамыз.

Хабар 24 телеарнасы