423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 108 бала коронавирустан емделіп жатыр

  • 212
  • UPD: 09:33, 07.08.2020
Қазақстанда 108 бала коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 25 053 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 108 бала бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде

«Жалпы науқастардың арасында 171 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы